Алматыда кеңейтілген ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда кеңейтілген ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді

11.05.2016
Алматыда кеңейтілген ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Қала тұрғындары 50-дей түрлі ауыл шаруашалық өнімдерін сатып ала алады. Мегополис тұрғындары мен қонақтарына шамамен 110 миллион теңгенің ет, сүт, жеміс-жидек тағы да басқа өнімдері ұсынылады.

Алматы облысының 16 ауданы мен 3 қаласы – Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалалары, сонымен қатар «Жетісу» ӘКК-сы 170 тоннаға жуық экологиялық таза өнім ұсынады.

Жәрмеңке өтетін кезде Төле би көшесі бойымен Абылайхан даңғылынан Фурманов көшесіне дейін, сонымен бірге Панфилов көшесі бойымен Бөгенбай батыр көшесінен Қазыбек би көшесіне дейінгі аралықта уақытша автокөлік қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды Алматы қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу