Луи ван Гал трансферге 50 миллион фунт сұрамақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Луи ван Гал трансферге 50 миллион фунт сұрамақ

23.09.2014
Луи ван Гал трансферге 50 миллион фунт сұрамақ

«Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Луи ван Гал осы аптада атқарушы директор Эд Вудвордпен кездеседі.

Кездесу барысында ван Гал трансферлік бюджетке 50 миллион фунт беруін сұрамақ.  Ол футболшы Кевин Стротманды салып алмақ ниетте. Сондай-ақ, қорғанысты да күшейтпек.

«Манчестер Юнайтед» Чемпиондар Лигасының екінші маусымына жолдама алған жоқ. Бұл жағдай қайталанбас үшін, трансферге ақша бөлінуі ықтимал.

Айта кетейік, қазіргі кезде «Манчестер Юнайтед» 12-ші орынға тұрақтады.

 

Фото: www.eurosport.ru

Хабарламаларға жазылу