Тікелей эфир. «Ньюкасл» - «Манчестер Юнайтед» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тікелей эфир. «Ньюкасл» - «Манчестер Юнайтед»

04.03.2015
Тікелей эфир. «Ньюкасл» - «Манчестер Юнайтед»

Ағылшын Премьер Лигасының 28 турында «Ньюкасл» өз алаңында «Манчестер Юнайтед» клубын қабылдайды.

Өткен турда екі командада жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартқан еді.

Луи ван Гал шәкірттері бірінші айналымда «Ньюкасл» командасын 3:1 есебімен ұтқан. Сонымен қатар, «Манчестер Юнайтед» 2014 жылы «St. James' Park» стадионында 0:4 есебімен жеңіске жеткен еді.

Алайда Джон Карвердің ойыншылары «Астон Вилла» клубын ұтқаннан кейін, өз алаңында манчестерлік командаға барынша қарсылық көрсетуге дайын.

Айта кетейік, «Ньюкасл» мен «Манчестер Юнайтед» клубтары арасындағы ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы бүгін сағат 01:40-та тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу