Робин ван Персидің голы бейнеленген монета шығарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Робин ван Персидің голы бейнеленген монета шығарылады

08.07.2014
Робин ван Персидің голы бейнеленген монета шығарылады

Нидерланд елінде ұлттық құраманың шабуылшысы Робина ван Персидің футболдан Әлем чемпионатында Испания қақпасына соққан голы бейнелеген естелік монета шығарылады, деп хабарлайды De Ondernemer.

Барлығы 6 мың монета жасалмақ. Алайда, ресми төлемақы құралы саналмайды, тек коллекционерлерге арналған естелік монета болып қалады.

Ван Перси бейнеленген монета Бразилияда өтіп жатқан футболдан Әлем чемпионатының финалынан кейін сатылымға шығарылмақ.

Айта кетейік, жанкүйерлер мен нумизматтар Икер Касильястың қақпасына басымен соққы бағыттап жатқан ван Перси суреті бейнелеген монетаның шамамен 80 пайызын алдын-ала сатып алған.

Естеріңізге сала кетейік Нидерланд пен Испания ойыны 5:1 есебімен аяқталды. Луи ван Гал шәкірттері Бразилиядағы мундиальда жарысты жалғастыруда. Олар ертең жартылай финалда Аргентин құрамасымен кездеседі.

Хабарламаларға жазылу