Нидерланд құрамасы жартылай финалда Аргентина футболшыларымен кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нидерланд құрамасы жартылай финалда Аргентина футболшыларымен кездеседі

06.07.2014
Нидерланд құрамасы жартылай финалда Аргентина футболшыларымен кездеседі

Футболдан Әлем чемпионаты ширек финалының соңғы матчында Нидерланд құрамасы Коста-Рика футболшыларынан пенальти сериясында басым түсті.

Ойынның негізгі және қосымша уақытында командалар жеңімпазды анықтай алмады.

Айта кетейік, овертаймның соңғы минутында Нидерланд құрамасының бас бапкері Луи ван Гал қақпашыны ауыстырды. Яспер Силлессеннің орынна Тим Крул шықты.

Пенальти сериясында Тим Крул екі соққыны кері қайтарып, өз құрамасын жартылай финалға алып шықты. Нидерланд футболшылары 1/2 финалда Аргентина құрамасымен кездеседі.

Футболдан Әлем чемпионаты – 2014.

1/4 финал

Нидерланд – Коста-Рика – 0:0. Пенальти – 4:3 .

Пенальти сериясы: Борхес – 0:1. Ван Перси – 1:1. Руис – 1:1 (қақпашы). Роббен – 2:1. Гонсалес – 2:2. Снайдер – 3:2. Боланьос – 3:3. Кайт – 4:3. Уманья – 4:3 (қақпашы).

Нидерланд: Силлессен (Крул, 120+1), Кайт, Де Фрай, Флар, Мартинс Инди (Хюнтелар, 106), Блинд, Роббен, Вайналдум, Снайдер, Депай (Ленс, 76), Ван Перси.

Коста-Рика: Навас, Гамбоа (Майри, 79), Уманья, Гонсалес, Акоста, Диас, Руис, Борхес, Техеда (Куберо, 97), Боланьос, Кэмпбелл (Уренья, 66).

Ескерту алғандар: Диас, 37. Уманья, 52. Мартинс Инди, 64. Гонсалес, 81. Акоста, 107. Хюнтелар, 111.

Төрешілер: Ирматов, Расулов (екеуі де - Өзбекстан), Кочкаров (Қырғыз Республикасы).

5 шілде. Салвадор. «Фонте Нова» стадионы.

Хабарламаларға жазылу