Джон Гриннің «Қағаз қалалар» шығармасы экранизацияланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Джон Гриннің «Қағаз қалалар» шығармасы экранизацияланады

22.09.2014
Джон Гриннің «Қағаз қалалар» шығармасы экранизацияланады

Ұлыбритания моделі Кара Делевинь Голливудта бағын сынамақ. Ол жаңа фильмнің басты рөлін сомдайды. «Қағаз қалалар»Paper Towns») атты драмада ол актер Нат Вулфпен бірге ойнайды.

«Қағаз қалалар» - жазушы Джон Гриннің романы. Детективті хикая жасөспірімдер  Марго Рот Шпигелманн мен Кью Джейкобсен туралы.  Ессіз ғашық болған Кью Маргоны ренжіткен адамдарды оның өтініші бойынша жазаламақ болады. Жасөспірімдердің барлық жоспары сәтті аяқталады. Алайда, Марго бұл оқиғадан кейін жұмбақ хабарлама қалдырып, із-түзсіз жоғалып кетеді. Жұмбақты Кью шешер ме екен?

Роман авторы бұл фильмге басты рөлдерде ойнайтын актерларды өзі таңдаған. «Кара Делевинь іріктеу кезінде бәрімізді таң қалдырды. Маргоның рөліне сол лайық», - дейді Джон Грин.

Картинаның режиссері Джейк Шрейер болмақ. Айта кетейік, «Қағаз қалалар» - үлкен экранға шығатын Гриннің екінші туындысы. Алғашқысы – «Жұлдыздар кінәлі» The fault in our stars») шығармасы көрермен көңілінен шығып, кинокритиктердің оң бағасын алған еді.

 

Фото: opingo.weebly.com

Хабарламаларға жазылу