«Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкері Олжас Қасым әдебиет саласындағы «Алтын тобылғы» жүлдесін иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкері Олжас Қасым әдебиет саласындағы «Алтын тобылғы» жүлдесін иеленді

09.12.2016
«Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкері Олжас Қасым әдебиет саласындағы «Алтын тобылғы» жүлдесін иеленді

«Қазақстан» РТРК» АҚ «Ташолпан» таңғы ақпараттық-сазды бағдарламасының шеф-редакторы Олжас Қасым әдебиет саласындағы «Алтын тобылғы» сыйлығын иеленді. Ақынның «Жарылыс» туындысы «Жылдың үздік поэзиясы» деп бағаланды.

«Үздік проза» номинациясында «Аға» шығармасы үшін Алмас Нүсіп Жақыпақын, «Үздік драматургияда» -«Адам туралы аңыз» шығармасы үшін Байбол Әлібек Уәлиханұлы, «Үздік балалар шығармасы» аталымында - «Тәуелсіздік тұғыры» тақырыбы бойынша Серікбол Хасан жеңіске жетті.

Жеңімпаздарға 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.

таңшолпан

Ал, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұғыры» тақырыбындағы шығармасы үшін Кретова Татьяна 1,5 млн теңге арнайы сыйлық алды.

«Жылдың үздік поэзиясы» ретінде Еркеғали Бейсеновтің «Аллажар Алаш!» шығармасы мен Олжас Қасымның «Жарылыс» туындысы аталды.

Әріптесімізді шығармашылық саладағы жеңісімен құттықтаймыз! 

Хабарламаларға жазылу