Елордада «Қызжылаған» шығармасы сахналанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Қызжылаған» шығармасы сахналанды

09.11.2022

Елордада «Қызжылаған» шығармасы сахналанды. Қойылым Семей ядролық полигонында болған сынақ салдарынан мүгедек болып, өспей қалған қыздың өмірі жайында. Автор кейіпкердің тағдыры арқылы қазақтың басындағы қасіретті бейнелейді.

Шынайы оқиғаға желісіне негізделген қойылым – ядролық сынақ полигонының салдары, одан бөлек адам мен табиғаттың өзара үйлесімдігін көрсетеді. Шығарманы бастан-аяқ «Қанаттылар» инклюзивті театрының өнерпаздары қойып шықты.

Абзалбек Асхатұлы, режиссер:

Спектакль осы Семей полигонының зардабы, оның әлі күнге дейін біздің қазақ даласында сынақтардың зардабын кешіп келе жатырмыз. Бұл жерде тәннің экологиясы ғана емес, адам жанының экологиясы жөнінде проблемасы қозғалайын деп тұр. Бұл әлемнің тағдыры. Бұл адамзаттың тағдыры. Осы бір ерекше жандарды сахнадан көрсету арқылы, қоғамға жақсы көзқарас танытуға алып келуіміз керек.

Ақмаржан Ғафизқызы

Хабарламаларға жазылу