Боттичеллидің суреті Лондондағы бәссаудада 2, 25 миллион еуроға сатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боттичеллидің суреті Лондондағы бәссаудада 2, 25 миллион еуроға сатылды

11.07.2014
Боттичеллидің суреті Лондондағы бәссаудада 2, 25 миллион еуроға сатылды

Италиялық суретші Сандро Боттичеллидің (1445-1510) аса сирек шығармаларының бірі 10-шы шілде күні Британия астанасында 1, 314 миллион фунтқа сатылды, деп хабарлады Sotheby's бәссауда үйі.

Бұл Боттичеллидің қағазға салынған шығармасы үшін ең жоғары баға.

Сурет 1480 жылдары салынған. Осы күнге дейін Боттичеллидің тек 12 суреті ғана сақталған. Солардың ішінде жеке адамның қолында қалғаны тек «Отырған әулие Иосиф» шығармасы. Қалған 11 сурет мұражайда сақтаулы.

 

Хабарламаларға жазылу