Артур Херцогтің «IQ 83» шығармасы экранизацияланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Артур Херцогтің «IQ 83» шығармасы экранизацияланады

27.10.2014
Артур Херцогтің «IQ 83» шығармасы экранизацияланады

Голливуд актері Стив Кэрелл «IQ 83» фильмінде басты рөлді сомдайды. Бұл туралы Deadline хабарлайды.

Айта кетейік «IQ 83» - жазушы 1978 жылы жарыққа шыққан Артур Херцогтің туындысы. Романда ауа арқылы таралатын вирус туралы баяндалады. Вирус адамның ойлау қабілетін төмендетеді. Ғалым Джеймс Хили аурудың алдын алу үшін оған қарсы дәрі жасамақ болады. Енді IQ жедел төмендеген әлем тағдыры ғалымның қолында...

Картина ескі үлгіде түсіреді. Оның режиссері әзірге белгісіз. Сценарий авторы - Чарли Кауфман.

Стив Кэрелл – америкалық актер, продюсер, сценарист.

Толық аты-жөні: Стив Джон Кэрилл;

Туған жылы: 1962 жылы, 16 тамыз;

Туған жері: АҚШ, Массачусетс штаты, Конкорд;

Тускен фильмдері: «Құдіретті Брюс», «Ессіз кездесу», «Ағамның қалындығына ғашық болу», «Хортон», «Бұл – ақымақ махаббат» және т.б;

«Алтын глобус» жүлдесімен марапатталған.

Хабарламаларға жазылу