Басты Жаңалықтар Елордалық мектептерде адамгершілік тәрбие беру бойынша сабақтар өткізіледі

Елордалық мектептерде адамгершілік тәрбие беру бойынша сабақтар өткізіледі

Елордалық мектептерде адамгершілік тәрбие беру бойынша сабақтар өткізіледі

Астана қаласының Білім басқармасы қыркүйек-қазан айларында барлық мектептердің жоғары сыныптарында түрлі сабақтар, зерттеулер, тестілеу мен ойындар өткізуді жоспарлауда, деп хабарлайды astana.gov.kz. сайты.

Сондай-ақ, адамгершілік тәрбие беру сабақтары аясында мектеп директорлары, оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасарларға, сынып жетекшілеріне арналған «Қазіргі заманда рухани-адамгершілік тәрбие берудің басымдықтары», «Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі оқытушының рөлі» тақырыптарында оқыту семинарлары ұйымдастырылады. 

Қазіргі таңда құқықтық сауаттылықты арттыру және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Құқықтық оқытуды» өткізудің мекемеаралық кестесі дайындалды. Шара аясында дәрістер оқу, спорттық-мәдени шаралар, тренингтер мен семинарлар өткізу жоспарланған.

Сонымен қатар, оқушылармен көшпелі практикалық семинарлар, экскурсиялар өткізіледі. 

Сонымен қатар, ата-аналарға «Балаларға лайықты тәрбие бермегені үшін әкімшілік жаза» және «Отбасыда толеранттылықты тәрбиелеу» тақырыптарында тренинг өткізіледі.

Бөлісу