Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
Конго Демократиялық Республикасының Букаву қаласында мектептер өртеніп, 24 оқушы қаза тапты. Құрбандардың 19-ы қыз бала, бесеуі ұлдар. Оларды жерлеу рәсіміне жергілікті тұрғындар көптеп жиналды.
Куәгерлердің сөзінше, оқушылар өрттен емес, байбалам кезінде аяқ астында тапталып жан тәсілім еткен.
Айта кетсек, бірер күн бұрын мұнда екі мектеппен бірге 300-ге жуық ағаш үй жанып кетті. Әзірге оттың неден тұтанғаны белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚоғамның мәдениетін әдеп қалыптастырады
05.11.2026, 17:18
Сапалы білім – заман талабы
05.11.2026, 17:17
Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасы халықаралық деңгейде талқыланды
05.11.2026, 17:15
«Бүркіт» арнайы жасағына алғашқы жауынгер қыз қабылданды
05.11.2026, 17:13
ТМҰ басты мақсаты – ынтымақ
05.11.2026, 17:12
Банктердің қаржысы нақты секторларға бағытталуы тиіс
05.11.2026, 17:07