Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
Қытай өз азаматтарының елге кіріп-шығу тәртібін қатаңдатып жатыр. Жаңа ережеге сәйкес, шетелде жүріп ұлттық қауіпсіздікке және мемлекет мүддесіне нұқсан келтірді деп саналған адамдардың Қытайдан шығуына үш жылға дейін тыйым салынады. Сонымен қатар елдің өнеркісіптік және технологиялық қауіпсіздігіне қатер төндіргендердің де сапары шектеледі.
Айта кетсек, қазір Бейжің мен Вашингтон араласында технологиялық үстемдік үшін бәсеке күшейіп келеді. Осындай шақта Қытай үкіметі жартылай өткізгіштер өндірісі мен жасанды интеллекті тәрізді салаларды жіті бақылауға алып отыр. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Халықтық Республика билігі бұл секторларда жұмыс істейтін бірқатар компания басшыларының елден кетуіне бұған дейін-ақ шектеу қойған.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚоғамның мәдениетін әдеп қалыптастырады
05.11.2026, 17:18
Сапалы білім – заман талабы
05.11.2026, 17:17
Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасы халықаралық деңгейде талқыланды
05.11.2026, 17:15
«Бүркіт» арнайы жасағына алғашқы жауынгер қыз қабылданды
05.11.2026, 17:13
ТМҰ басты мақсаты – ынтымақ
05.11.2026, 17:12
Банктердің қаржысы нақты секторларға бағытталуы тиіс
05.11.2026, 17:07