Басты Жаңалықтар Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр

Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр

Түркістан облысының Созақ ауданында орталық аурухана ғимараты толықтай жаңғыртылып, күрделі жөндеу жүріп жатыр. Құрылысқа «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы 4 млрд теңгеден аса қаражат бөлген. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бөлінген қаражатқа ескірген ғимараттың іргетасынан бастап қайта ретке келтірілуде. Конструктивтік бөліктері 7 балдық сейсмикалық талаптарға сәйкес күшейтілді. Құрылысшылар бүгінде ғимараттың ішкі және сыртқы бөліктерін жаңартып, шатырын ауыстырды. Сондай-ақ ішкі бөлмелерін заманауи қондырғыларды орнатуға болатындай етіп кеңейтуде.

Бағдат Махашбаев, Созақ аудандық құрылыс бөлімінің басшысы:
2009-шы жылдан бері бұл ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмегеннің есебінен жалпы ғимараттың сыртқы, ішкі жағдайы тозу деңгейі өте жоғары болған. Бүгінгі таңда құрылыстың демонтаж жұмыстары аяқталып, сейсмико усиление жұмыстары бітті.


Бөлісу