Басты Жаңалықтар Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда

Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда

 Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда

Жаңа кешен дәнді және майлы дақылдарды қабылдау, кептіру, сақтау және тасымалдауға арналған. Жобаның толық қуаты жылына 120 мың тонна өнімді өңдеуге мүмкіндік береді. Ал алғашқы қуаты 30 мың тонналық нысанды 2026 жылы іске қосу жоспарланған.

Жобаның алғашқы кезеңіне «Қазақстан Халық Банкінен» 3,8 млрд теңге несие тартылып, кәсіпорын тарапынан шамамен 2 млрд теңге өз қаражаты салынған. Кешен заманауи шетелдік жабдықтармен жабдықталуда: технологиялық қондырғылар Германиядан, ал астық сақтайтын силостар Испаниядан жеткізілген. Өндірістік процестердің басым бөлігі автоматтандырылған.

Кешеннің теміржол инфрақұрылымына жақын орналасуы логистикалық мүмкіндіктерді арттырады. Алдағы уақытта теміржол желісін дамыту арқылы өнімді Қазақстанның басқа өңірлеріне, сондай-ақ Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан және өзге де нарықтарға экспорттау жоспарланып отыр. Кәсіпорын толық қуатына шыққанда шамамен 30 тұрақты жұмыс орны құрылады.


Бөлісу