Бибігүл Төлегенова атындағы VII Халықаралық вокалистер байқауы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бибігүл Төлегенова атындағы VII Халықаралық вокалистер байқауы өтеді

17.09.2014
Бибігүл Төлегенова атындағы VII Халықаралық вокалистер байқауы өтеді

Елордада 21 қыркүйек күні Бибігүл Төлегенова атындағы VII Халықаралық вокалистер байқауы шымылдығын ашады. Оған Қазақстаннан, таяу және қиыр шетел мемлекеттерінен келген 64 әнші қатысады, деп хабарлады astana.kz.

Сондай-ақ, Франция, Болгария, Литва, Молдова, Ресей, Арменияның опера өнерінің мэтрлерінен құралған қазылар алқасы қатысушыларға өз бағасын берді. Әдеттегідей, қазылар алқасының төрайымы - КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты академик Бибігүл Төлегенова болады.

Музыкалық шара жас дарынды орындаушыларды анықтап, қазақтың классикалық өнерінің беделін арттыруды, жастардың рухани дамуына ықпал етуді мақсат тұтады.

Хабарламаларға жазылу