Астанада «Менің Қазақстаным» халықаралық ән фестивалі өтеді

20.10.2014
Астанада  «Менің Қазақстаным» халықаралық ән фестивалі өтеді

Елордада Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» атты халықаралық ән фестивалі өтеді, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігі.

Шара қазақ ән салу өнерін дамыту, Шәмші Қалдаяқовтың әндерін халық арасында орындайтын дарынды жастарға қолдау көрсету және қазақстандық эстрада өнері шеберлерінің өнерін халыққа ұсыну мақсатымен өткізіледі.

Фестиваль 2 кезеңнен тұрады. Барлық кезең халық алдында өткізіліп, фестиваль қатысушылары – Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Қытай, Моңғолия және Өзбекстан елдерінің өкілдері «қазақ вальсінің королінің» шығармаларынан  4 ән орындайды. Гран-При жеңімпазына 1 миллион теңге беріледі.

24 қазан күні шара қорытындысы жария етілетін гала-концертке КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенова, Қазақстанның Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжан, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Жеңіс Сейдоллаұлы, Алтынай Жорабаева, Азамат Жылтыркөзов, Жәмиля Жарқымбаева, Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным-2013» атты халықаралық ән фестивалінің Гран-При иегері Нұрболат Абдуллин және т.б. өнер жұлдыздары қатысады.

Хабарламаларға жазылу