Бибігүл Төлегенованың мерейтойы аталып өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бибігүл Төлегенованың мерейтойы аталып өтті

23.12.2019

Алматыда КСРО Халық әртісі, Социалистік еңбек ері, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері, академик Бибігүл Төлегенованың 90 жылдық мерейтойы аталып өтті.

Салтанатты кешке әншінің туыстары, замандастары, қоғам қайраткерлері, өнер өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Ал сахна төрінде мерейтой иесімен бірге халықаралық конкурстардың лауреаты, опера әншісі Елена Заремба, Өзбекстанның халық әртісі Рамиз Усманов, халықаралық вокалистер байқауының жеңімпаздары өнер көрсетті. Сонымен қатар, Бибігүл Төлегенова туралы бейнероликтер көпшілік назарына ұсынылды. Қазақтың бұлбұлы атанған күміс көмей әншіні ҚР Мәдениет және спорт министрі мен шаһар басшысы арнайы құттықтады.

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТ 

Хабарламаларға жазылу