Б.Төлегенованың 90 жылдығына арналған опера кеші өтті
Қазақтың бұлбұлы, дүлділ әнші Бибігүл Төлегенова тоқсан жаста. Күміс көмей, жез таңдай әншінің мерейлі мерейтойына орай елордада үлкен шығармашылық кеш ұйымдастырылды. Қазіргі опера және балет жұлдыздарымен қатар бұл күні сахнаға даңқты өнерпаздың өзі де шығып, көрермендерді бұлбұл үнімен тағы бір қуантты.
Қазақ даласын әнімен тербеткен Бибігүл Ахметқызы халықтың нағыз сүйіктісі. Тіпті халықаралық ЮНЕСКО ұйымы оны 20 ғасырдағы әйгілі әйелдердің қатарына қосқан. Тоқсанды алқымдап қалған примадонна әрдайым өз биігінде.
Қазақ ән өнерінің қара нарына айналған мэтрдің кешінде бүгінгі талантты буынның өкілдері үздік шығармаларын орындады. Тіпті Италиядан Бибігүл Төлегенова атындағы байқаудың жеңімпазы осы кешке арнайы келіп, өнер көрсетті.
Бибігүл Төлегенова, КСРО халық әртісі:
Мен репрессияны, Отан соғысын, аштықты да, жоқшылықта да көрдім. Сондықтан да бүгін мен жұмақта тұрғандаймын. Құдайға шүкір, ең үлкен менің байлығым — елім. Халық мені сыйлайды, мадақтайды. Содан артық маған ешнәрсенің керегі жоқ.
Халық әртісін мерейтойымен Мемлекет басшысы да құттықтап, ізгі лебізімен хат жолдады. Ал, ең бастысы, көрермендер шынайы ыстық ықыласын білдіруден шаршаған жоқ. Ән падишасына овацияны аямады.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алтын виза» кімдерге беріледі?
10.05.2026, 19:49
Дәрі-дәрмек нарығындағы ұрлық: 3,7 млрд теңгені жымқырған компанияны әшкереленді
10.05.2026, 19:48
Автосақтандыру жүйесіне қандай өзгеріс енгізіледі?
10.05.2026, 19:46
ШҚО-дағы шахтада бір жұмысшы қаза тапты
10.05.2026, 19:44
Шығын бар, кіріс қандай? Цифрлық саланың экономикаға пайдасы
10.05.2026, 19:40
Президент әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне мемлекеттік марапат және әскери шен тапсырды
10.05.2026, 19:38
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06