«Таңшолпанда» - Бибігүл Төлегенова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - Бибігүл Төлегенова

26.09.2014
«Таңшолпанда» - Бибігүл Төлегенова

«Таңшолпанда» ҚР Халық әртісі Бибігүл Төлегенова қонақта болды. Халық әртісінің Астанаға келудегі себебі – 19-27 қыркүйек аралығында өткізілетін дәстүрлі Бибігүл Төлегенова атындағы Халықаралық вокалистер байқауы. Оған Қазақстанмен қатар, шет мемлекеттен де қатысқан өнерпаздар бар.

«Жылдан жылға әнші жастар көбейіп келеді. Биыл байқауға 60-тан астам адам өтініш жазыпты. Байқауға қатысуға шетелден ниет танытқандардың жартысы келе алмады. Бірінде виза кедергі болған, енді бірінің қаражаты жетпеген екен. Дегенмен, биылғы байқаудың ерекшелігі, әдетте қыздар көп келетін. Әсіресе, жіңішке дауысты қыздар. Биыл келген 50 адамның ішінде бар-жоғы 7-8 ғана қыз бала болды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген балалардың бәрі шетінен талантты. Қайсысын таңдарыңды білмейсің. Бірақ, байқаудың аты байқау. 50 адамның барлығын лауреат қылып шығара алмаймыз ғой», - дейді Халық әртісі.

Әртістің Астанаға келуіндегі тағы бір себеп – 30 қыркүйекте «Астана Опера» театрында  жеке шығармашылық кеші өтпек. Осы турасында әнші: «Адам 80-ге келгенде оның әрбір атқан таңы – мерейтой. Сондықтан, мұнша жасқа келгенде шығармашылық кеш өткізу – құрмет қой. Кешке өзімнің шәкірттерім, осы конкурстың жүлдегерлері қатысады. Қанша дегенмен, халықтың алдында есеп беру – үлкен жауапкершілік. Аздап жүрексініп те отырмын», - дейді.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу