Бұл байқау үлкен опералық сахналарға жол ашады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұл байқау үлкен опералық сахналарға жол ашады

24.09.2014
Бұл байқау үлкен опералық сахналарға жол ашады

Бибігүл Төлегенова атындағы байқаудың финалистері Азат Мәлік және Жұмабек Қаңтарбаев бүгін  «Таңшолпанда» қонақта болды.

Байқауда 40-тан астам қатысушының  арасынан суырылып шығып, екінші кезеңге шыққан өнерпаздар байқау турасындағы ойларымен бөліскен еді.

«Бұл байқау үлкен опералық сахналарға жол ашады. Өте күрделі байқау болғандықтан, еліміздің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар күрделі шығармалар орындайды. Бәсекелестік өте жоғары деңгейде.  Себебі, біздің елден ғана емес, сонымен қатар Ресей, Армения, Беларусь, Украинадан келген өнерпаздар да бар», дейді Азат Мәлік.

«Бұл байқауға екі жыл дайындалдым. Себебі, Бибігүл Төлегенованың байқауы  үлкен дәрежеге. Мен үшін маңызы зор байқау. 40-тан астам адам келді. Қатысушылардың барлығы да мықты. Солардың арасынан екінші кезеңге өтуіміздің өзі – жетістік», дейді Жұмабек Қаңтарбаев.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу