Алғашқы жекпе-жекте Мардан Берікбаев жеңіске жетті (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алғашқы жекпе-жекте Мардан Берікбаев жеңіске жетті (ВИДЕО)

09.09.2014
Алғашқы жекпе-жекте Мардан Берікбаев жеңіске жетті (ВИДЕО)

«Астана Арландары» мен «Куба қабыландары» арасындағы жекпе-жектің алғашқы жұбында 49 келі салмақтағы Мардан Берікбаев пен Сантьяго Амадор жұдырықтасты.

Мардан өткен маусымда 3 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал, Сантьяго Амадор кубалық команданың қатарына жаңадан қосылған боксшы.

Бұл жекпе-жекте Мардан Берікбаев 3:0 (49-46 48-47 49-46) есебімен жеңіске жетті.

Қазір шаршы алаңға 56 келідегі Бағдат Әлімбеков пен Робейси Рамирес шығады.

Хабарламаларға жазылу