WSB. Эхсан Роузбахани техникалық нокаутпен жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

WSB. Эхсан Роузбахани техникалық нокаутпен жеңіске жетті

18.01.2014
WSB. Эхсан Роузбахани техникалық нокаутпен жеңіске жетті

81 келі салмақта «арландардың» үздігі - Эхсан Роузбахани шықты. Ирандық боксшының қарсыласы - Самир Магомедов. Самир Магомедов 2012 жылы Дүниежүзілік бокс сериясының жекелей сайысында чемпион атанған.

 
Биылғы маусымдағы алғашқы жекпе-жегін мексикалық боксшымен өткізіп, айқын басымдықпен жеңді. Сонымен қатар, осыған дейінгі үш маусымда 15 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті.
 
Бүгінгі жекпе-жекте Эхсан Роузбахани техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Ирандық боксшы екінші раунд та қарсыласын үш рет нокдаунға жіберді.

Хабарламаларға жазылу