«Астана арландары» мен «Куба қабыландары» арасындағы алыптар айқасы өтпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана арландары» мен «Куба қабыландары» арасындағы алыптар айқасы өтпек

09.09.2014
«Астана арландары» мен «Куба қабыландары» арасындағы алыптар айқасы өтпек

Бүгін Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде «Астана арландары» мен «Куба қабыландары» арасындағы алыптар айқасы өтеді. Жекпе-жекте 10 салмақ дәрежесіндегі боксшылар екі күнге бөлініп жұдырықтасады. Бүгін алғашқы 49, 56, 64, 75, 91 келі салмақтағы боксшылар рингке көтерілсе, ертең 52, 60, 69, 81, +91 келі салмақтағы боксшылар шығады.

Алғашқы 5 жұп:

Мардан Берікбаев - Сантьяго Амадор (49)

Бағдат Әлімбеков  - Робейси Ромирес (56)

Асхат Уәлиханов  - Ясниер Толедо (64)

Ерік Әлжанов  - Арлен Лопес (75)

Алмат Серімов  - Эрисланди Савон (91)

Естеріңізге сала кетейік, «Астана арландары» мен «Куба қабыландары» арасындағы алыптар айқасы «Дәулет» спорт кешенінде сағат 20:00-де басталады.

Хабарламаларға жазылу