Қанат Ислам кезекті жекпе-жегін жеңіспен аяқтады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Ислам кезекті жекпе-жегін жеңіспен аяқтады (ВИДЕО)

09.05.2016
Қанат   Ислам  кезекті жекпе-жегін  жеңіспен аяқтады (ВИДЕО)
Қанат   Ислам  кезекті жекпе-жегін  жеңіспен аяқтады (ВИДЕО)

АҚШ-тың Флорида штатындағы Лейкленді қаласында өткен бокстан WBA Fedelatin және WBA FideCaribe нұсқалары бойынша Әлем чемпионы Қанат Ислам мен Хуан де Анхель арасындағы жекпе-жекте жерлесіміз 6 раундта жеңіске жетті. «Қазақ» деген лақап аты бар Қанат Ислам кездесуде қарсыласын нокаутқа жіберді.

Бұл жерлесіміз Қанат Исламның 21-і кездесуі. Ол бұған дейінгі жиырма кездесуінің барлығында жеңіске жетіп, оның 17-ісінде қарсыластарын накаутпен сұлатқан. Қанат Ислам 2012 жылдан кәсіпқой бокста өнер көрсетіп жүр.

Жерлесіміздің қарсыласына келсек, ол да осал боксшы емес. колумбиялық Хуан Де Анхель 2008 жылдан бері кәсіпқойлар арасында жекпе-жектер өткізіп келеді. Шаршы алаңдағы 22 кездесуінде ол ең алғашқы жекпе-жегін тең нәтижемен аяқтап, үш кездесуде қарсыластарына есе жіберсе, 18 рет жеңіс тұғырына көтерілген.



Қанат   Ислам  кезекті жекпе-жегін  жеңіспен аяқтады (ВИДЕО)

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу