Павлодарда Жүсіпбек Аймауытовтың ескерткіші бой көтереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда Жүсіпбек Аймауытовтың ескерткіші бой көтереді

07.09.2014
Павлодарда Жүсіпбек Аймауытовтың ескерткіші бой көтереді

Үстіміздегі жылдың 19 қыркүйегінде Ж.Аймауытовтың 125 жылдық мерейтойын атап өту іс-шаралары аясында Павлодарда қазақ ұлтының біртуар перзенті, жазушы, драматург, Алашорда қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың ескерткіші бой көтереді.

Ескерткіш қаладағы қазақ музыкалық драма театры алдына орналастырылмақ.

Сондай-ақ,  шара аясында  Ж. Аймауытовтың есімі берілген облыстық театрда ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылады.

Жазушы мерейтойы Баянауыл ауданында да жалғасын табады. Мойылды алқабында  «Ардақты Алаш азаматы» атты музыкалық-әдеби кеш және ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді.

pavlodarnews.kz

 

Хабарламаларға жазылу