Жүсіпбек Аймауытовтың жерленген жері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүсіпбек Аймауытовтың жерленген жері анықталды

16.07.2014
Жүсіпбек Аймауытовтың жерленген жері анықталды

ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгерлердің бірі Жүсіпбек Аймауытовтың жерленген жері анықталды. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз хатшысы Асқар Жалдинов  өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп мәлімдеді ҚазАқпарат.

«Федералдық қауіпсіздік қызметінен жауап келді. Біздің Жүсіпбек атамыз атылғаннан кейін Ваганьковское зиратында жерленіпті. Бұйыртса, биыл  сол жерге барып тақташа орнатып, әруағына Құран бағыштап қайтсақ деген жоспарымыз бар», - деп жазды А.Жалдинов.

 

 

Хабарламаларға жазылу