Жүсіпбек Аймауытов Мәскеуде жерленген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүсіпбек Аймауытов Мәскеуде жерленген

08.09.2014
Жүсіпбек Аймауытов Мәскеуде жерленген

Биыл - көрнекті жазушы, драматург  Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 125 жыл толады.

Аталмыш мерейтой қарсаңында жазушының  Мәскеудегі жерленген жері нақтыланып, ресми түрде дәлелденді.

Осыған орай, павлодарлық зиялы қауым өкілдері мен Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері Ваганьков зиратына арнайы барып, қаламгердің басына тәу етіп қайтты.

Бұл - Жүсіпбек Аймауытов қайтыс болғалы 83 жылдың ішінде, оның қабірін іздеп барған тұңғыш ресми делегация.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу