Баянауылда «Жүсіпбек – Алаштың ардақтысы» атты салтанатты шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баянауылда «Жүсіпбек – Алаштың ардақтысы» атты салтанатты шара өтті

22.09.2014
Баянауылда  «Жүсіпбек – Алаштың ардақтысы» атты салтанатты шара өтті

Жазушы, драматург, аудармашы Жүсіпбек Аймауытовтың 125 жылдық мерейтойы қаламгердің туған жері Баянауыл ауданында аталып өтті. «Жүсіпбек – Алаштың ардақтысы» атты салтанатты шара аудандық мәдениет сарайында ұйымдастырылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Атап өтерлігі, Алаш арысының мерейтойына Қарағанды өңірінен облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әшімов бастаған бір топ делегация келді. Мерейтойға арналған іс-шаралар жазушының кіндік қаны тамған жері Қызылтау өңірінде жалғасын тапты. Әсем табиғат аясында киіз үйлер тігіліп, жастар ұлттық ойындардан сынға түсті. Жұртшылық көкпар, теңге алу, аударыспақ, қыз қуу, бәйге сияқты ұлттық ойындарды тамашалады.

Хабарламаларға жазылу