Астанадағы көшелердің негізі бөлігі қазақ тілінің атауына ие. Бұл туралы бүгін Тілдер фестивалінің басталуына орай өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ербол Тілешов мәлімдеді.
«Астана қаласындағы көше атауларының 93 пайызы қазақ тілінде. Яғни, елордада 934 көше бар болса, оның негізгі бөлігіне мемлекеттік тілде атау берілді. Қазақстанның ешбір қаласы осындай деңгейде қамтылмаған»,-деді басқарма басшысы.
Е. Тілешов қала көшелеріне еліміздің барлық өңірінің атаулары берілгенін, осы арқылы да ұлттық сананы адамға сіңіруге болатындығын атап өтті.