«Күміс көмей, жез таңдай» ән байқауы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Күміс көмей, жез таңдай» ән байқауы өтеді

04.09.2014
«Күміс көмей, жез таңдай» ән байқауы өтеді

24 қыркүйек күні «Күміс көмей, жез таңдай» атты дәстүрлі ән орындаушылардың байқауы өтпек. Биыл үшінші рет өткелі отырған байқауға дайындық барысы туралы ҚР Еңбек сіңірген әртісі, әнші, продюсер, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері – Майра Ілиясова «Таңшолпанда» айтып берді.

«Бұл – менің авторлық бағдарламам. Бір үлкен кездесуде Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов мырзаға «Кейінгі кездері бізде домбырамен айтатын дәстүрлі әншілерге жарнама аз. Қай телеарнаны қоссаң да, эстрадалық ән кештері, түрлі шоу жүріп жатады. Домбырамыз соның тасасында қалып қойып жатыр», деп ұсыныс жасаған едім. Онда халық әндері, халық композиторларының әндері  көбірек шырқалады. Сосын өңдеуінде ұлттық аспап болуы керек».

«Осы «Таңшолпан» бағдарламасы арқылы айтып кетсем, жеңімпазға 1 миллион теңге сыйақы тағайындалды. Кейін бір жыл бойы концерттерге қатыстырып отыруға тырысамыз».

«Жаңа жылға дейін 4 үлкен концерттік бағдарлама өткізу жоспарда бар. 12 қараша күні Алматыда Фариза Оңғарсынованы еске алуға арналған «Асыл бейне» атты ән кеші, Мәдина Ералиеваның 60 жылдығына орай өткізгелі отырған еске алу кеші, сосын менің тағы бір авторлық бағдарламам - «Сағындырған әндер-ай»,-дейді Майра Ілиясова.

Сұхбаттың толық нұсқасын  «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу