Беларусь елінде өткен «Витебск» ән байқауында Шерхан Арыстан Гран-при жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Беларусь елінде өткен «Витебск» ән байқауында Шерхан Арыстан Гран-при жеңіп алды

14.07.2023

Беларусь елінде балалар арасында өткен «Витебск» ән байқауында қазақстандық Шерхан Арыстан Гран-при жеңімпазы атанды. Екі кезеңнен тұратын байқауда 12 жастағы қазақ баласының вокалдық қабілеті мен күміс көмей даусы көпшілікті тәнті етті.

Шерхан Арыстан Ұлттық арна ұйытқы болған былтырғы «Қазақстан дауысы. Балалар» байқауында да топ жарған еді. Үздіктер қатарында «Молдабайдың әнін» шырқап таңдай қақтырған болатын. 4 бірдей тәлімгерді өзіне қаратқан Шерхан Арыстан әлемдегі ең үздік 10 жас әншінің қатарына қосылғанын да еске салып өтейін.


Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу