Майра Ілиясова: Шын талантты халықтың өзі іріктеп шығарады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Майра Ілиясова: Шын талантты халықтың өзі іріктеп шығарады (ВИДЕО)

24.09.2015
Майра Ілиясова: Шын талантты халықтың өзі іріктеп шығарады (ВИДЕО)

Алматыда қала күніне орай, «Күміс көмей, жез таңдай» дәстүрлі әндер байқауы өтті. Бүгін, сағат 19.00-де «Алатау» концерт залында байқаудың гала-концерті өтпек.  

Шара «Дәстүрлі эстрада», «Домбырамен ән салу», «Шәмші әндерінің үздік орындауышысы» аталымдары бойынша ұйымдастырылды.

«Әншінің көп болғаны жақсы. Көп темірдің арасында күмістің жалтырап көрініп жататыны сияқты,  шын таланттарды халықтың өзі іріктеп шығарады. Сахнада тек жезтаңдай әншілер жүрсін десек, біз осындай байқауларды жиі ұйымдастырумыз керек. Биылғы қатысқан үміткерлердің деңгейі өте жоғары болды», дейді әнші.

Сұхбаттың толық нұсқасын  «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу