«Таңшолпанда» - Алтынбек Қоразбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - Алтынбек Қоразбаев

30.09.2014
«Таңшолпанда» - Алтынбек Қоразбаев

Жуырда жас әнші Нұрболат Абдуллин Қырғыз елінде өткен халықаралық ән байқауында бас бәйгені иеленген еді.  Осыған орай бүгін «Таңшолпанда» ҚР Халық әртісі, Қырғызстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, сазгер Алтынбек Қоразбаев және әнші  Нұрболат Абдуллин қонақта болды.

«Өткен жылы Астанада өткен Ш.Қалдаяқовтың конкурсында бас бәйгені жеңіп алған. Одан кейін Алматыда «Күміс көмей, жез таңдай» байқауында да бас жүлдені жеңіп алды. Сосын осы Қырғыз елінде өткен байқауға да тәуекел деп қатысып қайтты. Нұрболат менің шәкірттерімнің арасындағы ең жасы. Басқаларға қарағанда, бұл баланы одан биіктен көремін бе деген үміт бар»,-дейді Алтынбек Қоразбаев.

Нұрболат Абдуллин: «Мен тек халықаралық бәйгелерге  қатысып келемін. Халықаралық байқауларға қатысқаннан кейін республикалық байқауларға қатыса алмайтыным анық.  Келешекте түркітілдес елдердің арасында өтетін конкурсқа қатыспақпын»,- деп ағынан жарылды.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.  

Хабарламаларға жазылу