«Шынымды айтсам, бұл марапатты күтпеп едім» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шынымды айтсам, бұл марапатты күтпеп едім»

05.02.2014
«Шынымды айтсам, бұл марапатты күтпеп едім»
ҚР Еңбек сіңірген әртісі, әнші, сазгер, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері – Майра Ілиясова «Таңшолпанда» қонақта.
 
Жақында «Парасат» орденін иеленген ол: «Шынымды айтсам, бұл марапатты күтпеп едім. Бұл жолғы орден маған «Сағындырған әндер-ай», «Жан Анам», «Алтын домбыра», «Күміс көмей, жез таңдай» сынды авторлық бағдарламаларыма берілген болуы керек. Біз есті әндермен жұмыс істеп, ретро әндерді еске алып, жастардың сахнаға шығуына мүмкіндік жасаймыз. Мысалы, Ұлттық арнаның «Жан жылуы»  хабарымен бірлесіп, «Жан Анам» жобасында қайырымдылық акциясын өткіземіз. Бұл марапат осындай шаруаларға берілген болар»,-дейді әнші.
 
Бірде «Сағындырған әндер-айға» 60 пайыз жастарды қосып, халықты жалықтырып алдым» деген екен әнші. Осы турасында ол: «Мен жастардың көңілін қимай, қоса бергенмін ғой. Бір кеште концерттік нөміріміздің саны 40-қа кетіп қалды. Қырық әншіні тыңдаған халықтан «тым созылып кетті» деген пікірлер айтылды.  Негізі бір академиялық концерт 26-28 нөмірден аспауы керек. Сондықтан, бұл жолы қысқарттық», дейді.
 
«Егер «Күміс көмей, жез таңдай» жобасы Алматыда өтсе, «Алтын домбыра» Астанада жалғасын табады деген ойымыз бар»,-дейді Майра Ілиясова.
 
Әншімен болған сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу