Танымал тұлғалармен аттастар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Танымал тұлғалармен аттастар

09.09.2015
Танымал тұлғалармен аттастар

Қазақ нәрестеге ат қою рәсіміне ерекше көңіл бөлетін халық. Әрбір ата-ана баласына әдемі әрі мағыналы есімді қоюды қалайды. Сондықтан болар, ырымшыл қазақ перзентіне қол бастаған батырлардың, сөз бастаған шешендердің, ел бастаған билердің, жез таңдай, күміс көмей әнші-жыршылардың атын қоюға тырысады.

Балаға ат қойған кезде кез-келген адамға емес, тағы да сол ырым қылып, көпті көрген ел ағаларына, айналасына сыйлы, аузы дуалы кісілерге қойғызуды мәртебе санаған.

Бүгінде арамызда Асанәлі Әшімов, Бибігүл Төлегенова, Саттар Ерубаев, Қасым Аманжол, Мәдина Ералиева сынды тұлғалармен аттас ұл-қыздар өсіп келеді.

Жалпы, осы есімдерді иелену, көтеріп жүру олар үшін абырой ма, сын ба? Есімнің адам тағдырына әсері бар ма? Бүгін осы тақырып 21:05-те «Айтуға оңай...» хабарында талқыланбақ.

Хабарламаларға жазылу