Әділ Ахметов: «Қара шаңырақта» маған осы рөлдің бұйырғанына қатты қуандым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әділ Ахметов: «Қара шаңырақта» маған осы рөлдің бұйырғанына қатты қуандым

03.09.2014
Әділ Ахметов: «Қара шаңырақта» маған осы рөлдің бұйырғанына қатты қуандым

Ұлттық арна эфирінен көрсетіліп жатқан «Қара шаңырақ» телехикаясындағы басты рөлдердің бірі, ағайындылардың екіншісі Дәулеттің рөлін сомдайтын актер – Әділ Ахметов.

Бұған дейін де талай киноға түсіп үлгерген Әділ «Қара шаңырақтағы» рөлін жоғары бағалайды. «Өзім спортшы жігіттерді сомдағым келіп жүретін. «Қара шаңырақта» маған осы рөлдің бұйырғанына қатты қуандым»,-дейді ол.

«Жалпы, актердың жақсы ойнауы – жанындағы серіктесіне байланысты. Әкеміздің рөлін атақты актер Саят Мерекеұлы сомдайды. Ол кісімен бірге сахналас болу біз үшін – үлкен сабақ. Ол кісілер мейлі 100 бөлім болсын, рөлдерін жаттап қана келмейді, сөздерін дәптерге көшіріп алып келеді. Мен ол кісілердің еңбекқорлығына, жұмысына деген адалдығына риза боламын»,-дейді актер.

Театр сыншысы, өнертанушы Әшірбек Сығай Әділ Ахметов турасында: «Бой десе бойы бар, ой десе ойы бар, түр десе түрі бар. Әр жерде бір жылтыңдауды білмейтін, өнерге адал азаматтардың қатарында. Үлкен кісілер қатысатын үлкен жиындарды абыроймен жүргізіп жүргенін де айту керек»,- дейді.

Біздің анықтама:

Әділ Ералыұлы Ахметов – актер, тележүргізуші, Мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі іс-шаралардың жүргізушісі. Ол  1984 жылы Алматы қаласының іргесіндегі Қалқаман ықшамауданында дүниеге келген.

2002-2006 жылдары  Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «драма және кино актері» мамандығын тәмамдаған. 2006-2007 жылдары Тазабеков театрында актер болып қызмет еткен.

Ал,  2007 жылдан бастап Жастар театрының актері.

Театрдағы рөлдері:

Н.Гоголь «Ревизор» - Дуанбасы Антон Антонович

Ш.Айтматов «Шыңғысхан» - Шыңғысхан

У.Шекспир «Асауға тұсау» - Петручио

Т.Миннуллин «Диляфруздың төрт күйеуі» - Смағұл

С.Раев «Меккеге қарай ұзақ жол» - Адам Император

Ш.Айтматов «Жан азабы» - Әмірші

П.Мериме, Бизе-Щедрин «Кармен» - Пірадар

Н.Оразалин «Шырақ жанған түн» - Таңат

Ғ.Мүсірепов «Қозы мен Баян» Қодар, Айбас, Сарыбай

Л.Бернстайн «Вестсайд оқиғасы» - Бернардо

2006-2007 жылдары «Қымызхана» бағдарламасында – Талап

Кинодағы рөлдері:

2006 ж. «Кек» - Дүйімқара

2008 ж. «Қалжа» - Дастан

2007 ж. «Лавэ» - Әділ

2009 ж. «Елім-ай» - Абылай

2010 ж. «Астана- махаббатым менің» - Ерлан

2011 ж. «Армандастар» - Арман

2012 ж. «Алдар көсе» - Қасым хан

2012 ж. «Цена свободы» - Асхат

2012 ж. «Парыз» - Асан

2012 ж. «Жаужүрек мыңбала» - Райымбек батыр

2013 ж. «Сұңқар» - Азамат

Телехикаяның өткен бөлімдерін мына жерден көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу