Суретші Ренат Елубаев халықаралық байқауда жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Суретші Ренат Елубаев халықаралық байқауда жеңіске жетті

14.01.2016
Суретші Ренат Елубаев халықаралық байқауда жеңіске жетті

Бұл туралы egemen.kz  хабарлады.

Байқауға 170-ге жуық қылқалам шебері қатысты. Конкурсқа ол ұлттық нақыштағы суреттерін ұсынды. Осы суреттері төрешілерге ұнап, оның картиналары әділ-қазылардың шешімімен ең үздік деп танылды.

Байқауда Ренат Елубаев Халықаралық Микеланджелоның Моисей мүсіні статуэткасын алды. Сөйтіп, отандасымыз талантты суретші, қазақтан шыққан тұңғыш Халықаралық Микеланджело сыйлығының иегері атанды.

«Мұндай үлкен сыйлықтар әртістерге, әншілерге беріледі. Ал сурет біз үшін таңсық дүние. Бұл байқауға жер жүзінен қылқалам шеберлері қатысады. Әділ-қазылар солардың суреттеріне қарап, бағаларын береді. Статуэткаға лайықтылар ғана үздік деп танылады. Сол сыйлық маған бұйырды», дейді Ренат Елубаев.

Қазір Ренат «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында жұмыс істейді.

Хабарламаларға жазылу