«Ән салады мамандар» жобасында «Цирк таланттары» Қайрат Нұртастың әнін орындады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ән салады мамандар» жобасында «Цирк таланттары» Қайрат Нұртастың әнін орындады (ВИДЕО)

15.04.2017

 «Ән салады мамандар» жобасында екінші болып «Цирк таланттары» тобы өнер көрсетті. Олардың тәлімгері – әнші Медеу Арынбаев. Бүгінгі жобада қатысушылар Қайрат Нұртастың «Алматының түндері-ай» әнін орындады.

Медеу Арынбаев цирк әртістері маған бұйырғанына қуаныштымын, деп тобының дайындығы жоғары екенін жеткізді.

«Цирк таланттары» «Ән салады мамандар» жобасының төрінде сәтті өнер көрсетіп, қазылар алқасының бағасын алды.

Арман Дүйсенов «Тамаша қойылым болды. Дегенмен, мүмкіндіктеріңізді толығымен ашқан жоқсыздар» десе, Әбунасыр Серіков бәрі жоғары деңгейде екенін атап өтті. Ал, тәлімгері Медеу Арынбаев «тобымның өнері ойымнан шықты, бастысы әннің бағын ашты»,- дейді.

 

Хабарламаларға жазылу