Түркістан облысында демалыс орындары қоқыстан тазартылды
Түркістан облысының Сайрам ауданында жергілікті халық «Таза бейсенбі» шарасын өткізді. Көлкент ауылының тұрғындары мен белсенді жастар елдімекен маңындағы жолдардың бойын тазалап, жұрт тынығатын демалыс орындарын ретке келтірді. «Шатқал» саябағының аумағында қоқыстарды жинап шықты. «AMANAT» партиясының белсенділері ұйытқы болған ізгілікті іске ауыл тұрғындары ризашылығын білдірді.
Жасұлан Әбубәкірұлы, Теспе ауылының тұрғыны:
Бұрын осы тазалау барысында бір шақырымда 8-9 қапқа дейін қоқыс шығатын. Қазіргі таңда халық тазалықты көріп, мәдениет қалыптастырғаннан кейін 2-3 қаптан асып жатқан жоқ. Дәл осылай іс-шаралар жалғаса берсе, халық тазалық сақтауды үйренеді.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды
18.04.2026, 20:05
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
18.04.2026, 20:05
«Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды
18.04.2026, 20:04
«Mamma Mia!» музыкалық спектаклі өтті
18.04.2026, 20:04
Ақтауда «Тегін заң көмегі» акциясы өтті
18.04.2026, 20:04
Қажылық сапар ұйымдастырамын деп 7,4 млн теңгені жымқырған ер адам сотталды
18.04.2026, 20:04
Ормұз бұғазы қайта жабылды
18.04.2026, 20:04
Трамп НАТО-ны сынға алды
18.04.2026, 20:04