Бельгиялық музыканттар «Қамажай» әніне бейнебаян түсірмекші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгиялық музыканттар «Қамажай» әніне бейнебаян түсірмекші

06.05.2015
Бельгиялық музыканттар «Қамажай» әніне бейнебаян түсірмекші

Естеріңізде болса, алдыңғы жаңалықтарымыздың бірінде бельгиялық топтың қазақтың халық әнін музыкалық аспаптармен орындап, үнтаспа етіп шығарғанын айтқан едік.

Әуені мен сөзі ерекше әнді өздері шырқауға жүрексінген шетелдік музыканттар әншіні Қазақстаннан іздестірген-ді.

Бүгін топ мүшелері дегендеріне жетіп, қазақстандық әншімен «Қамажайдың» жаңа нұсқасын жазды.

«Менің дауысымды ұнатқандарына қатты қуандым. Бала кезімде «Қамажай» әніне билейтінмін. Енді міне, оны шырқау бақыты бұйырды.

Музыканттардың кәсіби деңгейі өте жоғары. Бұл жаңа, халықаралық деңгейдегі «Қамажай» болады деген сенімдемін», дейді Алматы қаласының тұрғыны Лаура Утенова.

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

 

Хабарламаларға жазылу