ҰБТ-дан 125 балл жинаған Риана Мұстафина Ұлттық арнада қонақта болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ-дан 125 балл жинаған Риана Мұстафина Ұлттық арнада қонақта болды

13.06.2015
ҰБТ-дан 125 балл жинаған Риана Мұстафина Ұлттық арнада қонақта болды

Риана Мұстафина Ұлттық арнаның жаңалықтар студиясында қонақта болып, тікелей эфирде ҰБТ-да 125 балл жинағанының сырын бөлісті.

«125 балл алғанымды естігенде қатты қуандым. Қуанышымды бірінші болып анаммен бөлістім. Сонан соң сынып жетекшім, қазақ тілі пәнінің мұғалімі қуанышыма ортақтасты».

 «Жоғары балл жинауымның басты құпиясы – сапалы біліммен тиянақты дайындықтың арқасы. Ұстаздарымның тапсырмасын бұлжытпай орындадым», - дейді Риана Мұстафина.

Хабарламаларға жазылу