Бүгін – Білім күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Білім күні

01.09.2014
Бүгін – Білім күні

Бүгін – Білім күні. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес бұл күні республика көлемінде атап өтіледі.  

Арайлы жаздың үш  айын қызықты да, мазмұнды өткізіп, армандарын арқалап, жиған білімдерін одан әрі тереңдете түсу үшін барша қазақстандық оқушылар сағынышпен алтын ұя мектептеріне оралды.

Білім күні - жас үшін де, кәрі үшін де мерейлі мереке, зор қуаныш. Бұл күні оқу жылы барлық мектепте мерекелік жиыннан басталады. Кішкентай бүлдіршіндер  қамсыз балалық шақтан қоғам алдында кең міндеттер, мүдделер және жауапкершілік аясы бар ересек өмірге өтуге дайындалады.

Айта кету керек, биыл елімізде мектепке баратын оқушылардың жалпы саны – 2 миллион 600 мың. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда, 69 мыңға көп. Сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, биыл елде 277 мың 575 бала алғаш мектеп табалдырығын аттайды. Жаңа оқу жылы қарсаңында 76 жаңа мектеп ашылады.

Еліміздің тірегі мен көркі – білімді де білікті, ұлттық тәрбиені бойына сіңірген саналы ұрпақ. Қазақ мектебінің келешегі туралы қазақ әдебиетінің ақиық ақыны М. Жұмабаевтың: «Әрбір елдің келешегі – мектебіне байланысты», деген сөзі бар. Егемен еліміздің рухани байлығын дамытып, ұлттық мектепті қалыптастыру – өскелең ұрпақ қолында.

Хабарламаларға жазылу