Зілтемірші Илья Ильин жаңа рекорд орнатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зілтемірші Илья Ильин жаңа рекорд орнатты

31.08.2014
Зілтемірші Илья Ильин жаңа рекорд орнатты

Қазақстандық екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин жаңа жеке рекордын орнатты. Ол 242 келі зілтемірді еңсерген, деп хабарлайды inform.kz спортшы өзінің Инстаграмдағы жеке парақшасына сілтеме жасап.

«Менің тағы бір жаңа рекордым. Серпе көтеруде 242 келіні бағындырдым», - деп жазды ол.

Сондай-ақ, ол өзінің әріптесі Алмас Өтешовті де жаңа жеке рекордын орнатуымен құттықтаған. «Серпе көтеруде 230 келіні еңсерген Алмас Өтешовті құттықтаймын. Ол 25 қыркүйекте Инчхонда басталатын Азия Ойындарында ел атынан сынға түсетін болады», дейді чемпион.

Хабарламаларға жазылу