Илья Ильин Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры қызметіне тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Илья Ильин Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры қызметіне тағайындалды

11.05.2020

Ауыр атлетикадан Әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильиін кәсіби спортпен қош айтысып, спорт менеджері атанды. Бірнеше жаһандық рекорд орнатқан даңқты зілтемірші Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры қызметіне тағайындалды.

Спортшы ретінде тоғыз жасынан бастап топ жарған сырбойылық толағай әлемдік додаларда бағындырмаған белесі жоқ. Жаһанның сан мәрте үздігі атанып, спортта жоғары атаққа ие болды. Енді міне, 32 жасында Илья зілтемірден қол үзіп, аймақтың спорт саласын дамытуға үлес қоспақшы. Жаңа қызметке тағайындалған Илья Ильиннің дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша жоғары білімі бар.

Әділбек СЕРІКҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу