Илья Ильин үлкен спортқа оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Илья Ильин үлкен спортқа оралды

28.08.2018

Зілтемірші Илья Ильин үлкен спортқа қайта оралды. Халықаралық ауыр атлетика федерациясының Илья Ильин, Зульфия Чиншанлоны жарыстардан шектеу мерзімі аяқталып, саңлақтарымыз Қазақстан чемпионатында өнер көрсетуін бастап кетті. Бүгін Талдықорғанда ауыр атлетикадан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан Республикасының жеке командалық чемпионаты жалауын көтерді. 140-қа жуық ауыр атлет қатысатын додада Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бақ сынайды. Ал, Илья Ильин бұл додада 102 келіні  бағындыруы тиіс. Зілтемір көтеруге жарыстың соңғы күндерінде шығады. 

Илья Ильин, зілтемірші:

- Мен өзімнің зілтемір көтеру стилімді толық өзгерттім. Оны өздеріңіз көре жатарсыздар. Дәл қазір жаңа техникамды игеру үстіндемін. Сондықтан, бәрін уақыт көрсетеді. Мен үшін уайымдап, маған қолдау көрсеткен барлық жанкүйерлеріме алғысымды білдіремін. Сіздер маған күш-қуат бересіздер. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу