«Айтуға оңай...» қонағы – ауыр атлетикадан қазақтан шыққан тұңғыш Әлем чемпионы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтуға оңай...» қонағы – ауыр атлетикадан қазақтан шыққан тұңғыш Әлем чемпионы

03.12.2014
«Айтуға оңай...» қонағы – ауыр атлетикадан қазақтан шыққан тұңғыш Әлем чемпионы

Өз Отанында бақ сынаған Қазақстан Ұлттық құрамасы сәтті нәтижелер көрсетті. Мысалы, Илья Ильин (105 келі) әлемдік рекорд жаңартып, төрт дүркін Әлем чемпионы атанды.

Ал, Әлем біріншілігінің алтын жүлдесін жеңіп алған Жасұлан Қыдырбаев (94 келі) ауыр атлетикадан қазақтан шыққан тұңғыш Әлем чемпионы атанды.

Қазақстан құрамасының зілтемірші қыздары Зүльфия Чиншанло чемпион атанса, Жазира Жаппарқұл күміс медаль иеленді.

Алматыдағы өткен ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында жеңіске жеткен және жүлделі болған спортшыларымыз туралы «Айтуға оңай...» ток-шоуының «Тау көтерген толағайлар» бағдарламасынан бүгін сағат 21:05-те көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу