Түркістан облысында биік таудан түсе алмаған туристерге құтқарушылар көмектесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында биік таудан түсе алмаған туристерге құтқарушылар көмектесті

02.05.2024

Түркістан облысында биік таудан түсе алмаған туристерге құтқарушылар көмектесті. Мамандар, 3 адамды аман-есен жерге түсіріп алды. Туристер теңіз деңгейінен 2800 шақырым биіктікке көтеріліп кеткен. Артынша, өз беттерінше жерге түсе алмай қалған. Құтқарушылар оларға жедел көмекке келіп, шыңға көтеріліп, жерге түсуге көмектесті. Екі ер адам мен бір әйел медициналық көмекке мұқтаж болмады. Оқиға Түркістан облысының Қасқасу ауылында болған.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу