Атырауда «Лумпан Каспиан Фармасьютикалс» ЖШС фармацевтикалық өнім шығаратын зауыт салынбақ. Осыған орай өңірде зауыттың капсуласы және алғашқы тасын қалау салтанатты шарасы өтті. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады, деп мәлімдеді strategy2050.kz.
Зауыттың құрылысы «Медицина» АҚ, SAVA Healthcare компаниясы, «Атырау» ӘКК» ҰК» АҚ, «Lifeline Fze» компаниясы, «ALIM COM» ЖШС қатысуымен салынады. Инвестициялар құны - 3,7 миллиард теңге.
Зауыттың жобалық құны: 800 000 000 дана таблетка, 300 000 000 дана капсула, 78 000 000 дана ампула, 3 000 000 орау май, 12 000 000 флакон күре тамырға құю үшін пластикалық сыйымдылықтағы ерітінді.
Аталған жоба негізгі өнім шығарудағы (G.M.P.) тиісті өндірістік тәжірибеге сәйкес негізгі өнім шығаратын өңірдің қажетті инфрақұрылымын құруға, Қазақстан Республикасының Батыс өңірінде фармацевтика және медицинаны дамыту үшін жағдайлар жасауға бағытталған.