Нанкин – 2014. Бүгін қазақстандық үстел теннисшілері сынға түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нанкин – 2014. Бүгін қазақстандық үстел теннисшілері сынға түседі

20.08.2014
Нанкин – 2014. Бүгін қазақстандық үстел теннисшілері сынға түседі

Бүгін Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы екінші Жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық үстел теннисшілері жұптық жарыста сынға түседі.

Қазақстандық Кирилл Герасименко мен Юлия Рябова жұбы G тобында алғашқы кезеңде Оңтүстік Корея спортшыларымен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін жекелей сында ойнаған Юлия Рябова қыздар арасында 25 орынға ие болған. Ал, АҚШ, Франция, Үндістан теннисшілерін ұтқан Кирилл жарыстың тек 1/8 финалында ұтылып, жалпы есепте 9-шы орынға ие болды. Ол осы жарыстың жеңімпазы атанған, үстел теннисінің тарихындағы ең жас чемпион қытайлық Фань Чжэньдунға 4:1 есебімен жеңілді.  

Жарысты бірінші болып Юлия бастайды. Екінші ойынға Кирил шықса, үшінші матчта олар жұптасып ойнайды. Бұл ойындар Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.

 

Хабарламаларға жазылу